Әсерлі оқиға!!!
Ертеде бір Хан ел билеген екен! Бір күні түсінен қатты шошып оянып кетеді. Таңертең Уәзірді шақырып:
-Дайындал. Сарайдан сыртқа шығамыз- депті. Екеуі қарапайым киiм киып, ел арасын аралай бастайды. Бір Ауылға жеткенде, түсінде көрген жерін танып, тоқтайды. Адамдар көп, бәрі өз тіршілігін жасап жүр. Жерде бір адам өліп жатыр. Бiрақ оған мән беріп жатқан ешкім жоқ. Сонда Хан жергілікті адамдардан сұрапты:
- Ей Адамдар! Бұл кім? Неге бұлай тапталып қорболып жатыр?
- Бұл адам араққұмар біреу. Ол ешкіммен араласқан емес. Онымен 40 жылдан бері көрші тұрам. Бырақ көрші болып бас қосқан емеспіз. Өзі нағыз ағаш шебері. Таңатқаннан кешкедейын жұмыс жасайды. Бырақ тапқанына қай жерде арақ болса сатып алады. Тіпті үйіне жөзекшелерді әкетіп барa жатқанын көретінмін. Ешбір Адамға жақсылығы тимеген. Сондықтанда осылай жатыр.
Адамдар жан-жаққа тарап кетті.
-Жүріңіз,Хан ием, бізде кетейік.
-Жоқ. Менің түсіме бұл адам неге кіргенін түсінбедім. Алла маған оны жерле деп аян етті. Мен Алланың қалауын орындаймын. Тек оны жуындыратын жер керек. Жүр оны Мешітке алып барайық.
-Мешітке алып барса. Мешіттің Имамы оларды Мешітке кіргізбейді.
-Бұл Адамды кіргізе алмаймын. Ол Аллаға қарсы шықты. Алла оның жазасын берді деп жолатпайды.
Хан оны көрші ауылдағы мешітке алып барады.
Ол мешіттің Имамы оны көргенде жылай бастайды.
Сонда Хан:
-Сіз оны таныйсызба?
- Ия. Ол өте жақсы адам еді. Намазын уақытында оқып, Алланың жолында жүрген адам болатын- дейді.
Үшеуі оның жаназасын шығарып жерлейді.
Хан неге әр адам ол жайында әр түрлі пікір айтады? Ол шын мәнінде қандай адам деп қызыға бастайды. Сұрастырып оның үйін тауып барады. Есікті бір әйел ашады. Хан оған күйеуiн жерлеп келгенін барлық мәнжайды айтады. Әйел көзіне жас алады.
- Сіздің жолдасыңыз қандай адам еді?
-Мен онымен мақтанам! Ол өз жанын Алланың жолында құрбан етті.
- Бырақ көршілеріңз теріс пікірде. Олардың айтуы бойынша арақ құмар, қатын құмар болған екен. Еш-бір адамға көмегі тимеген деп наразы.
-Мырза Олар жолдасым қандай жақсылық жасағанын қайдан білсін! Ия ол арақ бар десе жанын беріп болсада сатып алатын. Бiрақ өзі ішкен емес! Өзгелер ішпесін деп ауылдағы бүкіл арақты сатып алып, әкеп дәретханаға төгетін.
-Ия ол жөзекшелерді үйге әкелетін. Бырақ олармен бірге болған емес. Өзгелер олармен бірге болып, күнаға батпасын деп, оларды үйге әкелетін. Мен сендердің уақыттарыңды сатып алдым. Ол уақытты қалай өткізсемде өз еркім дейтін. Түніменен оларға Алланы насихаттап, имандылыққа шақыратынбіз. Соның арқасында жеңіл жүрісті әйелдер біршама азайып қалған еді.
-Бірақ неге көршілерге ештеңе айтпаған?
-Мен оған қаншама рет айттым. Елге шыныңды айт. Олар теріс пікірде. Ертең біз дүние салсақ кім жерлейді?-деп.
Бырақ ол тыңдамады.
-Менің жақсылығымды Алла көріп тұр. Маған сол жеткілікті. Адамдар қалай ойлатынында шаруам жоқ. Ең бастысы Алланың алдында арым таза. Адамдарға айтып олардың қошеметіне ие болу мен үшін қажет емес. Ақыретте Алланың қошеметі қажет. Сені кім жерлейді деп қорықпа. Алла сүйген құлын ешқашан ит-құсқа жем етпейді. Мен Аллаға сенем. Егер Алладан Әмір келіп жатса, тіпті Ханның өзі жерлеуі мүмкін- деп күлетін. Ол намазын көрші ауылдағы Мешітке барып оқитын. Неге өзіміздің ауылдағы Мешітте оқымайсың ? десем.
Бар жантәніммен Аллаға берілген Имамның артында тұрып Намаз оқып жатып, көзімді жұмғанда Қағба көрінгендей болады дейтін!
Мұны естігенде Хан мен Уәзірі аң-таң қалды.